Көп жағдайда адамдар "екі ғана таңдау бар" деген иллюзияға түсіп қалады. Бұл —
жалған қосарлану (ложная двойственность) деп аталатын когнитивті қате. Бұл эффект — бізге ұсынылған шешімдердің шектеулі, әрі басқа жол жоқ дегендей көрініп, адамды шындықты толық көруден алыстататын логикалық қақпан.
Бұл қалай жұмыс істейді?Мысалы:
- "Сен не бізбенсің, не бізге қарсысың".
- "Немесе өтірік айттың, немесе шындықты жасырдың".
- "Сіз профайлингке сенесіз немесе ол — шарлатандық".
Осындай сөйлемдер біздің ойлауымызды
"ақ немесе қара",
"дұрыс немесе қате" форматында шектеп, күрделі жағдайды екі-ақ нұсқаға сыйғызуға тырысады. Нәтижесінде адам шын мәнінде бар
үшінші, төртінші және балама жолдарды байқамай қалады.
- Неге бұл қауіпті?Манипуляция құралы ретінде: Бұл тәсілді жиі саясаткерлер, медиа және алаяқтар қолданады. Олар "немесе сен мені қолдайсың, немесе сатқынсың" дегендей позиция ұсынады. Бұл арқылы адамның таңдау еркіндігін шектейді.
- Күрделі мәселелерді жеңілдету: Адам миы ақпаратты жеңіл өңдегісі келеді. Сол себепті күрделі, көпқырлы жағдайларда да тек екі-ақ балама көру оңай жол болып көрінеді.
- Жалған таңдауды шын сияқты көру: Мысалы, біреуге "осы жұмыс немесе кедейлік" деген таңдау ұсынылса, ол басқа жолдарды — фриланс, жеке кәсіп, басқа сала іздеу — көрмей қалады.
Профайлингте қолданылуы.Профайлинг саласында жалған қосарлану эффектісі тергеуде, әңгімелесу кезінде немесе анализ жасауда жиі кездеседі.
Мысал:Тергеуші:
– Сен кінәлісің бе, әлде біреуге жала жауып тұрсың ба?
Бұл сұрақ адамды екі ғана нұсқамен шектейді, ал шын мәнінде үшінші нұсқа болуы мүмкін: адам ештеңе істемеген, бірақ жағдайға күдікті ретінде іліккен.
- Қалай байқауға болады?Сізге тек екі таңдау ғана ұсынылып тұр ма?
- Балама жауаптар мен нұсқалар қарастырылмаған ба?
- Бұл сұрақ эмоция тудыру үшін құрылған ба?
Егер
"иә" деп жауап берсеңіз — сіз
жалған қосарлану эффектісінің ықпалында болуыңыз мүмкін.
Жалған қосарлану — шындықты шектеудің интеллектуалдық тәсілі. Ол адамдарды таңдаудың жалғыз жолы бар деп сендіреді. Бірақ өмір — тек ақ пен қарадан ғана тұрмайды. Әрқашан қосымша жолдар, балама шешімдер және бейтарап позициялар бар екенін ұмытпаңыз.