Доктор Фокс эффектісі: Сөйлеудің мәні емес – сәні
Адам көбіне мазмұннан бұрын жарқыраған формаға елітеді. Бұл — ғылымда "Доктор Фокс эффектісі" деген атпен белгілі құбылыс. Яғни, егер адам өз ойын сенімді, әсерлі, эмоциямен, көркем тілмен жеткізсе – тыңдаушылар оның айтқанының нақты мәніне мән бермей, соған сеніп қалады. Тіпті айтылған сөздер бос, мағынасыз болса да.