Кез келген маска шешіледі
Адамның шынайы кейпін оқуды үйреніңіз
Профайлинг неге керек?
Бет-әлпетті оқи алмау — қателіктерге, уақыт пен ақшаның зая кетуіне, көңіл мен мансаптағы сәтсіздіктерге әкеледі.
  • Біреудің жүзіне қарап, «бұл адамға сенуге бола ма?» деп ойланып, екіұдай күйде қалған сәттеріңіз болды ма?
  • Келіссөзде серіктесіңіз «келісеміз» десе де, оның шын ниеті басқа болып шықты ма?
  • Жымиған танысыңыздың көздерінде сенімсіздік сезініп, күмәндандыңыз ба?
  • Алғашқы кездесуде қарсыласыңыздың шынайы сезімін дәл танымай, кейін өкініп, жүрегіңіз жараланған кездер де аз емес шығар.

Өзім жайлы

Мен Нурсултан Намазбаев. 2011 жылдан бері мен адамдардың ойлау тәсілі мен мінез-құлқын зерттеп келемін. Психология, социология, когнитивтік ғылым, нейроғылым және нейромаркетинг салаларында тәжірибе жинап, осы бағыттарды тереңдетіп зерттеймін. Сонымен қатар педагогикалық жоғары білімге иемін. Менің мақсатым – күрделі ғылыми ұғымдарды жеңіл тілде түсіндіріп, сізге адам табиғатының сырын ашуға көмектесу. Бұл тек қызығушылық емес, менің кәсіби мамандығым.

Профайлинг, нейротехнология және өтірікті анықтау бойынша қызықты әрі пайдалы ақпараттар осында
Кедергілер
Сіз кейде қарсы отырған адамның шын ойы мен сезімін түсінбей қиналып қаласыз ба? Мансапта жіберілген мүмкіндіктер, жеке өмірдегі аса қиынырақ сәттер, жақындармен түсініспеушілік — бәрі де бет-әлпет тілін білмеуден туындайды. Күн сайын біз вербальды емес коммуникацияға салынған ақпараттың 70%-ына дейін жоғалтамыз. Бірақ бұл жағдайды өзгертуге болады.

Бет-әлпетті оқуға арналған нұсқаулықты ТЕГІН алу
Made on
Tilda