Пол Экман — эмоциялар мен мимика саласын зерттеген әлемге әйгілі психолог. Ол адамның бет-әлпетіндегі өзгерістер арқылы ішкі сезімдерді анықтауға болатынын дәлелдеп, заманауи профайлинг пен өтірікті тану әдістерінің негізін қалады.
Экманның ең танымал еңбектерінің бірі —
"негізгі эмоциялар теориясы".
Негізгі эмоциялар деген не?Экманның айтуынша, адамзатта
табиғи түрде пайда болатын, әмбебап эмоциялар бар. Яғни, бұл сезімдер
мәдениетке, тілге немесе тәрбиеге тәуелді емес. Олар:
- Қорқыныш
- – Қауіп сезімі, өмірге немесе амандығымызға қауіп төнгенде пайда болады.
- Ашу
- – Әділетсіздік немесе кедергі көргенде туындайтын реакция.
- Қуаныш
- – Қанағаттану, жетістікке жету немесе жағымды жағдайлар кезінде.
- Қайғы
- – Жоғалту, үмітсіздік немесе ауыр жағдайдан туындайды.
- Жек көру (отвращение)
- – Дене немесе моральдық тұрғыдан қабылдай алмайтын нәрсеге реакция.
- Күтпегендік (таңғалу)
- – Күтпеген, тосын жағдай кезінде пайда болатын шок немесе таңдану.
👉 Кейінірек Экман тағы бір эмоцияны қосты:
Менсінбеу (презрение) – біреуді төмен санау, өзінен артық көру күйі.
Неліктен бұл маңызды?Бұл эмоциялар –
адам миының ең терең, алғашқы жүйелерінде пайда болады. Яғни, біз оларды
ойлап шығарып жатпаймыз, олар
автоматты түрде іске қосылады.
Ең қызығы — бұл эмоциялар
бүкіл әлемде бірдей көрінеді. Экман Папуа Жаңа Гвинеяның жабайы тайпаларына фотосуреттер көрсетіп, олар эмоцияларды дәл таныды. Бұл оның "эмоция – биологиялық, әмбебап процесс" деген теориясын дәлелдеді.
Бет-әлпет пен эмоция байланысыЭкман эмоциялардың беттегі бұлшық ет қозғалыстары арқылы көрінетінін байқады. Ол арнайы
FACS (Facial Action Coding System) жүйесін жасады. Бұл жүйе арқылы адам бетінің
мимикалық коды шешіліп, оның шынайы сезімі анықталуы мүмкін.
🔍 Мысалы:
- Қорқыныш: көз шарасы кеңейеді, қас жоғары көтеріледі.
- Ашулану: қабақ түйіледі, ерін қысылып, тіс көрінеді.
- Қуаныш: ауыз езу тартылады, көз айналасында әжім пайда болады.
Практикалық қолданысыЭкман теориясы бүгінде:
- Қылмыстық тергеуде
- Кеден және қауіпсіздік қызметтерінде
- Психология мен коучингте
- Бизнес келіссөздерінде
- Профайлинг және өтірікті тануда кеңінен қолданылады.
Пол Экманның эмоциялар жайлы теориясы — адам табиғатын терең түсінудің кілті. Беттегі мимика мен сезім арасындағы байланыс адаммен дұрыс байланыс орнатып, өтірікті ажыратуға көмектеседі.