Доктор Фокс эффектісі: Сөйлеудің мәні емес – сәні
Адам көбіне мазмұннан бұрын жарқыраған формаға елітеді. Бұл — ғылымда "Доктор Фокс эффектісі" деген атпен белгілі құбылыс. Яғни, егер адам өз ойын сенімді, әсерлі, эмоциямен, көркем тілмен жеткізсе – тыңдаушылар оның айтқанының нақты мәніне мән бермей, соған сеніп қалады. Тіпті айтылған сөздер бос, мағынасыз болса да.

Қалай ашылды бұл эффект?

1970 жылдары Калифорния университетінде тәжірибе жүргізілді. Актер Майкл Фоксқа "білім беру теориясы" бойынша жалған лекция оқу ұсынылады. Ол "Доктор Майрон Фокс" деген атпен студенттер мен профессорларға лекция оқиды.
‼️ Бірақ! Лекция псевдонаучный, яғни мәнсіз, қайшылыққа толы, нақты ақпаратсыз еді.

Сонда да тыңдаушылар:
  • лекцияны "керемет" деп бағалады,
  • "жаңа білім алдым" деді,
  • "тағы тыңдағым келеді" деп қызығушылық танытты.
🔎 Неге?

Себебі актер:
  • әсерлі сөйледі,
  • әзіл қосты,
  • сенімді интонациямен сөйледі,
  • дене тілі мен көзқарасты тиімді қолданды.
Негізгі ой: адамдар мазмұннан бұрын – формаға елітедіДоктор Фокс эффектісі мынаны дәлелдеді:
Егер адам сенімді, эмоционалды, харизмамен сөйлесе – тыңдаушылар оның мазмұнын тексермейді.

Олар оның интонациясына, қимылына, көзқарасына, дауыс ырғағына қарап сенеді.
  1. Қай салада байқалады?Оқу мен тренингтерде
  2. – Көптеген мотивациялық спикерлер мазмұнсыз, бірақ әсерлі сөйлейді. Тыңдаушы "керемет ой айтты" деп қабылдайды, бірақ кейін нақты не айтқанын есіне түсіре алмайды.
  3. Саясатта
  4. – Харизмасы бар кандидаттар нақты уәде бермей-ақ халықты иландыра алады.
  5. TikTok / Instagram контентінде
  6. – Көркем сөйлеу, визуал эффекттер мазмұнның бос екенін жасырады.
  7. Медицина мен ғылымда
  8. – Жалған ғылыми "гурулар" күрделі сөздермен, сенімді дауысымен өзін эксперт етіп көрсетеді.
  9. Профайлинг тұрғысынан қалай тануға болады?Мазмұнға мән беріңіз:
  10. – Сұрақ қойыңыз: "Нақты не айтылды? Қандай дәлел келтірілді?"
  11. Сыртқы эффектілерге елітпеңіз:
  12. – Интонация мен сенімділік – шындықтың кепілі емес.
  13. Бос сөз бен нақты фактілерді ажыратыңыз:
  14. – "Энергияңыз өзгереді", "көзіңіз ашылады" секілді сөздер нақты ғылым емес.
Доктор Фокс эффектісі бізге бір маңызды нәрсені ескертеді:
Әсерлілік пен ақиқат – әрдайым қатар жүрмейді.

Қазіргі медиада, білім беру саласында, тіпті достар арасындағы әңгімеде де – бос, бірақ әсерлі сөздерге алданып қалу оңай. Сондықтан тек тыңдап қоймай, анализ жасауды, фактілерді тексеруді, шынайы білім мен манипуляцияны ажырата білуді үйрену қажет.
Профайлинг, нейротехнология және өтірікті анықтау бойынша қызықты әрі пайдалы ақпараттар осында
Made on
Tilda